авто

Переключатель языков

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

09.12.2021 ж. «ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕРУІ» мерекелік іс-шарасы

2021 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕРУІ» мерекелік іс-шарасы өтеді.

«ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕРУІ» мерекелік іс-шарасы«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіндегі Тәуелсіздік шеруі» мерекелік іс-шарасы аясында:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қорынан «Тәуелсіздік жетістіктері» көрмесі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетістіктері» фильмінің көрсетілімі;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жасұлан» мектебінің,  Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының музыкалық тобының қатысуымен әскери шеру;

-ақын-жазушылар, ғалымдар, тарихшылар, этнографтар, мәдениет және білім беру саласының мамандарымен шығармашылық кездесулер;

- Мұқтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры әртістерінің орындауындағы «Қобланды» спектаклінен үзінді;

- Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған деректі және көркем фильмдердің көрсетілімі».

Іс-шара 2021 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11.00.-14.00 өтеді

3-5.12.2021 ж. «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесі

2021 жылдың 3 – 5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Көрмеге Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады.

«Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіЖаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және бренді киім, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, мельхиор, алтын жалатылған және эмаль, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, Янтарь, бисерден жасалған әшекейлер, керамикалық, киіз және жібек бұйымдары, кенепте, берестегі суреттер, қақталған сәндік бұйымдар, қолмен жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және көптеген жұмыстар.

Көрмеде материалдың, түстің, ою-өрнектің, бұйымдарды жасау техникасының әртүрлілігімен таң қалдыратын Қазақстан мен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің авторлық эксклюзивті туындыларын көруге болады.

Көрме-жәрмеңке аясында музейге келушілер үшін танымал қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша шеберлік сабағын көрсетеді.

Көрме қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерін сақтауға ықпал етумен қатар барлық қалаушылар үшін халық шығармашылығының ғажайып әлеміне қол жеткізуге, сонымен қатар көрме қатысушыларынан түрлі үлгілер мен жанрлық бағыттар бойынша шеберлікті үйренуге мүмкіндік береді.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы-2021 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 12.00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 3-5 желтоқсан, 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру - ақылы.

01.06.2021 ж. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні

2021 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі ашық есік күні режимінде жұмыс істеді.

Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандарынан 200-ден астам балалары Орталық музейге келді. Олар үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылды, оның барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысты.

Бұл күні Алматы қаласы Медеу ауданының әлеуметтік қорғау Департаментінің жетім және мүмкіндігі шектеулі балалары үшін музей қызметкерлері «Бақытты балалық шақ» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шара аясында тақырыптық экскурсиялар, интерактивті тапсырмалар мен «Қазақстанның жануарлар әлемі» танымдық квест-ойындары өткізіліп, сонымен қатар балалар экспозицияда жасырынған аңдардың фотосуреттерін тауып қана қоймай, өлеңдер оқып, би биледі. Музейдің серіктестері мен демеушілері балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

«Бақытты балалық шақ» акциясына «Скиф Трейд» ЖШС, «АМИРАН» ЖШС, «Sabiland», «Ақсай-Нан», «ОРИМИ СА» - ТМ Jardin; «Петропавловский Хлебобулочный комбинат» Алматы қаласындағы филиалы, «Бостан», «Lemonadoff Food», «Край добрых дел» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.

2021 жылдың 1 маусым 2021 жылдың 1 маусым

 

19.11.2021 ж. «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай 2021 жылдың 19 қарашасы күні сағат 11.00-де мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізеді.

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясыОрталық музей жыл сайын аталмыш күні мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылы музей 3-ші қайырымдылық акциясын өткізелі отыр, басты мақсат мұқтаж жандардың мәселелеріне халық назарын аударту, олардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау, қоғамдық өмірге араласуына ықпал ету. 

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында, әрбір баланың шығармашылығын көрсетіп, өзіндік ерекшеліктері мен өмірге деген көзқарастарын көрсететін балалар шығармашылығына арналған көрме өтеді.  Акцияға Алматы қаласында есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

Музей үшін қайырымдылық ациялар өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл ең алдымен қазіргі қиын уақытта балаларды шабыттандырып, «жаңа шындарды бағындыруға» деген ынталарын  оятауға ықпал етеді.  

Іс-шара аясында «Аламят» продюсерлік орталығының атынан музыкалық сәлемдемелер, музей залдары бойынша экскурсиялар, сондай-ақ акцияға қатысушы балалардың жұмыстары қойылған балалар шығармашылығының көрмесі өтеді.

Акцияның бас демеушісі  10 жыл бойы ҚР Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты серіктесі болып табылатын  «Бостан» жеке шаруашылық серіктестігі.   Акцияны қолдағандар: «ОРИМИ СА» - «Шах» шәй сауда маркасы, DODO PIZZA, «ZUGO HOME TEXTILE»,  «Ақсай нан» ЖШС, «Назик» ЖШС.  

18.05.2021 ж. «Музей түні - 2021»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2021 жылдың 18 мамырында «Халықарарлық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңғырту» ұранымен өтетін «Музей түні» онлайн-акциясын ұйымдастырады. 

«Музей түні - 2021»

Бағдарлама

 

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source