авто

Переключатель языков

3-4.08.2019 ж. «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары»

 «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулдығы және USAID, Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда Атташесі, Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің қолдауымен және Іскер әйелдер Ассоциациясымен (AICI) бірлесіп алғаш рет 2019 жылдың 3-4 тамызында халықаралық «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесін өткізбекші.    

Ауған елі ежелден қолөнер шеберлерімен ерекшеленеді. Аталмыш көрмеге Ауғанстан Ислам Республикасының қолөнер бұйымдары ұсынылады: ағаш ою, жиһазды әрлеу өнері, гравюрамен безендіру, металл құмыралар, зергерлік әшекейлер. Сондай-ақ, мыс пен қоладан соғылған ыдыс-аяқтар, еңбек құралдары, арнайы тұрмыстық рәсімдерге арналған заттар.

Сонымен қатар, Ауған елінің 30 компаниясы жеңіл өнеркәсіп бойынша түрлі өнімдерін ұсынбақшы. Атап айтсақ, қолдан тоқылған кілемдер, декоративті кестелер, киім-кешек, маталар, керамикалық бұйымдар, жібек кілемдерге салынған әртүрлі геометриялық көгөріс өрнекті кілемдер. Тоқыма кілемдерді қою қызыл түспен бояп, көпбұрышты фигуралармен әрлеген. Көрме келушілер үшін, зергерлік бұймдар мен кептірілген жеміс-жидектер де ұсынылады.  

Салтанатты ашылуына Алматы қаласы Әкімдігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда және индустрия министрлігі, USAID. Бұл көрме екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланыстың нығаюына ықпал етеді.

Көрменің ресми ашылуы – 3 тамыз күні сағат 12.00-де

Көрменің жұмыс уақыты: 9.00 - 18.00

Кіру – ақылы түрде: ересектер үшін – 450 тг, зейнеткерлер мен студенттер үшін – 300 тг, балалар үшін – 200 тг.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source